Қазақ-қырғыз шекарасында 2,5 тонна ірімшікті заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында контрафактілік өнімді заңсыз алып өтпек болған адамдар ұсталды. Шекарашылар тоқтатқан «Мерседес-Бенц» көлігінен декларацияланбаған 2,5 тонна ірімшік пен 8 қапшық қолсағат табылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура хабарлады.

Оқиға Қордай шекара отрядына қарасты «Ауқатты» шекаралық бақылау бекетінде орын алған. Сондай-ақ жедел іздестіру шараларының барысында бірнеше сағаттан кейін елді мекеннің ішінен күмән тудырған «Фольксваген-Джетта» автокөлігі тоқтатылды. Ол көліктен де 3,5 центнер шұжық пен сүт өнімдері табылды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Семей» жекелеген өткізу-бақылау бекетіне қарасты «Ауыл авто» бекетінің бақылаушылары контрабандалық жүк өткізуге әрекеттенген Қазақстан азаматын ұстаған болатын. 49 жастағы ер адам тіркемесі бар «КАМАЗ» жүк көлігімен түр-түсі бензинге ұқсайтын, салмағы 28 тонна болатын мұнай өнімін заңсыз өткізуге тырысқан. Барлық деректер бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар