Қазақ-қырғыз шекарасынан 220 смартфонды заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Шекара бекетіндегі тексеру кезінде Қырғызстаннан Қазақстанға келе жатқан азаматтың көлігінен құжатсыз смартфондар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 мамырда ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатты.

Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы - 50 млн теңге шамасында.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.


Соңғы жаңалықтар