Қазақ-қырғыз шекарасынан 2 тонна құс еті мен 8 бас жылқыны алып өтпек болғандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасынан 2 тонна құс еті мен 8 бас жылқыны алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Контрабандалық әрекетті Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының шекарашылары анықтады. Жалпақтал ауылының маңайында «ГАЗ» маркалы автокөліктен 2 тонна құс еті табылды. Тексере келе, шекарашылар тиелген жүктің заңды құжаты жоқ екенін анықтады. «Сақшылар шекара бұзушылардың соңына сайрап жатқан ат іздері бойынша түсті. Яғни, көлікке дейін жүкті аттардың көмегімен жеткізгендіктері байқалып тұрды. Жүк артқан жерде орама қағаздар мен скотчтың табылуы күдікті ұлғайта түсті», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен. Сондай-ақ Қордай шекара отрядына қарасты Сортөбе заставасының шекарашылары қырғыз жерінен елімізге заңсыз 8 бас жылқыны өткізбек болғандарды ұстады. Сақшыларды байқап қалған белгісіз екі адам көршілес мемлекеттің аумағына қарай қашып, бой тасалаған еді. Ал Орал шекара отрядына қарасты «Ақсай авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары 8 тонна темір кесектерін құжатсыз өткізуге тырысқан 43 жастағы қазақстандықты ұстады. Заңсыз жүкті «КАМАЗ» көлігімен көршілес Ресей аумағына өткізуге тырысқан жерлесіміз ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, ал жүк тиелген көлік Бөрілі аудандық ІІБ жіберілетін болды.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар