Қазақ-қырғыз шекарасынан 1,5 тонна контрабандалық жағармай алып өтпек болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарашылар Қырғыз-Қазақстан шекарасында 1,5 тонна контрабандалық жолмен тасымалданған жанар-жағармайдың жолын кесті, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталып өтілгендей, 2018 жылы 9 мамырда «Чон-Капка-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар ілеспе құжаты жоқ жанар-жағармайды ұстады.

«1982 жылғы Қырғызстан азаматы Қазақстаннан Қырғызстанға «Ford Transit» маркалы автобусқа орналастырылған қосымша бактар арқылы ілеспе құжаты жоқ 1500 литр жағармай (солярка) алып өтпек болған», - делінген хабарламада.

Ұсталушы мен жанар-жағармай Қырғызстанның қаржы полициясы аймақтық бөлімінің қызметкерлеріне берілді. 

Соңғы жаңалықтар