Қазақ-қырғыз экспорттық-импорттық операцияларына арналған логистикалық орталық құрылуы мүмкін

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Экспорттық-импорттық операцияларды ынтыландыру үшін тауарларды рәсімдеу бойынша логистикалық орталық құрылуы мүмкін. Бұл мәселе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің кездесуі барысында көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысы шекаралас өңірлердегі байланыстарды нығайту үшін екі ел азаматтары мен тауарларының тасымалын жақсартуға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.
«Экспорттық-импорттық операцияларды қолдау әрі ынтыландыру үшін Қазақстан тарапы тауарларды рәсімдеу мен өңдеу бойынша логистикалық орталық құруды ұсынды. Жобаны жүзеге асыру әкімшілік рәсімдерді және екі ел аумағында тауарлардың қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді», - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердің су ресурстары ортақ құндылық екенін атап өтті. Өзендерді тиімді пайдалану ондаған миллион адамның тағдырына, сондай-ақ барша өңірдегі тұрақтылыққа қатысты. Бүгінде екі ел арасында су-шаруашылық мемлекетаралық нысандарды пайдалану бойынша бірлескен комиссия жұмыс істеп келеді.
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
- Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Түркияның Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
-
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам