Қазақ күресінен «Конфедерация Кубогына» іріктеу Астанада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақ күресінен  «Конфедерация Кубогына» іріктеу жарысы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ  күресі федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, іріктеу сыны 24 қазан күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жылы бес спорт түрінен ұйымдастырылған беделді бәсекенің бағдарламасына 2017 жылы ұлттық күрес енгізілді. Нәтижесінде іріктеуге сегіз аймақтан он клуб қатысып, Алматының  «Qazaq kuresi» спорт клубы жеңімпаз атанды. Биыл елордада өтетін қазақ күресінен іріктеу турнирінде қатысушылар саны былтырғыдан кем болмайды.

Командалық жарыста спортшылар боз кілемге 8 салмақ дәрежесі бойынша шығады: 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг.

Соңғы жаңалықтар