Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турниріне қатысатын ең ауыр балуанның есімі анықталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысушыларымен кездесу және салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтіп, турнирге қатысатын ең ауыр салмақтағы балуанның есімі белгілі болды.

Биылғы «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына өнер көрсететін балуандардың ішінде ең ауыр салмақтағы балуан шымкенттік Жұманазар Ерсұлтанов 164 келі болса, ең жеңіл салмақтағы балуан 88 келі салмақпен - солтүстік қазақстандық Алтынбек Аусағитов атанды.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық кездесуде жеңімпаз атанған балуан - «Қазақстан Барысы» атағына ие болып, турнирдің бас жүлдесі «Тайтұяқты» және 25 млн теңгеге, сондай-ақ, Астанадан бір бөлмелі пәтерге ие болады.

Соңғы жаңалықтар