Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі санаулы минуттардан кейін басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура қазір Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі санаулы минуттардан кейін басталады.

Биыл «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекелері аса тартысты өтетіні белгілі. Олай дейтініміз осы жылы финалдық белдесуге іріктеу жарыстарынан іріктеліп шыққан жаңа есімдерді көптеп кездестіруге болады. Нақтырақ айтсақ, бүгін биыл бұрындары есімдері белгісіз 11 балуанның өнеріне куә боламыз. Бұл еліміздің әр өңірінде қазақ күресінің жыл сайын жоғары деңгейде дамып келе жатқанының белгісі.

Енді сол 11 балуанның кімдер екенін жарыстан бұрын оқырман назарына ұсына кетсек. Олар: Дулат Алпысов (СҚО), Алтынбек Аусағитов (СҚО), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (БҚО), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (ШҚО), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) және Мереке Тұрашев (Ақмола облысы). Мүмкін, осы есімдердің арасынан жаңа чемпиондардың шығуы да ғажап емес.

«Қазақстан Барысы 2016» турнирінің ақтық сайысына қатысатын балуандар:

Ақмола облысы:

Мереке Тұрашев

4 сәуір 1990 ж.
Лақап аты:
Ақмола Барысы

Леонид Станеев

Туған жылы:

29 шілде 1993 ж.

Лақап аты:
Ақмола Қасқыры

Ақтөбе облысы:
Дархан Темірханов,

Туған жылы:

7 мамыр 1992

Лақап аты:

Ақтөбе арланы


Нұрсұлтан Иманғазин

Туған жылы:

26 маусым 1990

Лақап аты:

Мұғалжар қыраны


Алматы облысы:
Ұлан Рысқұл

Туған жылы:

21 қыркүйек 1986 ж.

Лақап аты:

Қыран

Александр Касачёв

Туған жылы:

11 шілде 1987

Лақап аты:

Қарасай бөрісі


Атырау облысы:

Сұңғат Закарияев

Туған жылы:

9 тамыз 1992 ж.

Лақап аты:

Ағатай

Кенжебек Күзембаев

Туған жылы:

5 қазан 1991

Лақап аты:

Шеркеш

Батыс Қазақстан облысы:
Олжас Сүлейменов

Туған жылы:

4 қантар 1995 ж.

Лақап аты:

Адай тарланы

Сержан Ерлан

Туған жылы:

3 наурыз 1992 ж.

Лақап аты:

Шотқара


Жамбыл облысы:

Айбол Айтбек

Туған жылы:

1 қазан 1992 ж.

Лақап аты:

Әулие-ата барысы

Дәулетхан Жақыпов

Туған жылы:

18 ақпан 1992

Лақап аты:

Талас тарланы


Қарағанды облысы:
Асыл Бәрменов

Туған жылы:

13 маусым 1988 ж.

Лақап аты:

Алсай

Бекзат Ахметбеков

Туған жылы:

25 мамыр 1989 ж.

Лақап аты:

Сайдалы

Қызылорда облысы:

Еламан Ерғалиев

Туған жылы:

25 наурыз 1995 ж.

Лақап аты:

Сыр Барысы

Руслан Әбдіразақов

Туған жылы:

27 сәуір 1988

Лақап аты:

Сыр арланы


Қостанай облысы:

Ерлан Омаров

Туған жылы:

22 тамыз 1984

Лақап аты:

Қара палуан

Абылайхан Қасымхан

Туған жылы:

12 сәуір 1995 ж

Лақап аты:

Жас Барыс

Маңғыстау облысы:

Нұрдәулет Жарылғапов

Туған жылы:

2 сәуір 1996

Лақап аты:

Қара Бура

Ербол Игілік

Туған жылы:

25 тамыз 1990 ж.

Лақап аты:

Қосай


Оңтүстік Қазақстан облысы:

Жұманазар Ерсұлтанов

Туған жылы:

1 қантар 1984

Лақап аты:

Жақсықұл

Нұрсұлтан Мыңғышов

Туған жылы:

2 қыркүйек 1991

Лақап аты:

Шойын

Павлодар облысы:

Самир Мәмедов

Туған жылы:

3 қазан 1988 ж.

Лақап аты:

Ірбіс

Еркебұлан Егінбаев

Туған жылы:

1 мамыр 1993 ж.

Лақап аты:

Исабек Ишан


Солтүстік Қазақстан облысы:

Алтынбек Аусағитов

Туған жылы:

28 тамыз 1994 ж.

Лақап аты:

Қызыл-ту Барысы

Дулат Алпысов

Туған жылы:

8 мамыр 1979 ж.

Лақап аты:

Аманжол


Шығыс Қазақстан облысы:

Айбек Нұғымаров

Туған жылы:

3 маусым 1987 ж.

Лақап аты:

Шығыс барысы

Асхат Құсайынов

Туған жылы:

7 тамыз 1992

Лақап аты:

Аягуз Барысы

Алматы қаласы:

Виктор Демьяненко

Туған жылы:

11 маусым 1991 ж.

Лақап аты:

Алатау ақ аюы

Бауыржан Қабай

Туған жылы:

10 қараша 1994

Лақап аты:

Алматы Арланы

Астана қаласы:

Айбат Сейтен

Туған жылы:

20 мамыр 1992 ж.

Лақап аты:

Батыр

Айтуар Абдулов

Туған жылы:

12 шілде 1992

Лақап аты:

Арыстан


Әскер Барысы:

Талғат Әмренов

Туған жылы:

11 ақпан 1988 ж.

Лақап аты:

Шотқара

«Қазақстан Барысы-2015» турнирінің жеңімпазы:

Бейбіт Ыстыбаев

Туған жылы:

9 мамыр 1985 ж.

Лақап аты:

Тараз арланы

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирі ақтық сайысының жеңімпазы, «Тайтұяқ» пен Қазақстан барысы алтын белбеуінің иегері анықталатын дүбірлі дода 3 шілдеде сағат 12:00-де елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Жұлде қоры төмендегідей:

1-ші орын - 25 000 000 теңге,

2-ші орын - 5 500 000 теңге,

3-ші орын - 1 800 000 теңге болады.

Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет жеңімпаз ақшалай сыйлықтан басқа Астана қаласынан пәтер кілтіне ие болады. Ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына де беріледі.


Соңғы жаңалықтар