Қазақ күресінен әлем чемпионатындағы ең ауыр салмақтағы балуандар кім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан балуандардың ішінде ең жеңіл және ең ауыр салмақтағы балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең жеңіл салмақтағы балуан қазақстандық Марат Нығматуллаев болса, ең ауыр салмақтағы балуан Жаңазелендиядан келген Пембертон Чико атанды. Отандасымыздың салмағы 54 келі  800 грамм болса, Чиконың таза салмағы 178 келі 600 грамм.

Осы алып салмақтағы балуанмен боз кілемде отандасымыз Руслан Әбдіразақовтың жолы түйісуі мүмкін.

Айта кетейік, әлем біріншілігіне 40 мемлекеттен келген 166 спортшы  бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары 2000 АҚШ долларына ие болса, екінші орынға - 1000 АҚШ доллары, үшінші орынға - 500 АҚШ доллары беріледі. Ал абсолютті салмақ жеңімпазы - 5000, екінші орын - 2000, үшінші орын - 1000 АҚШ долларына ие болады.

Қазақстан құрамасынан тоғыз спортшы қатысады. Олар: Марат Нығматуллаев 55 келі, Қуаныш Ысқақов 60 келі, Қасымхан Төленбай 66 келі, Ғалымжан Әбдірахманов 74 келі, Ерсұлтан Мұзафаров 82 келі, Әділжан Ыстыбаев 90 келі, Александр Касачев 100 келі, Руслан Әбдыразақов 100+ келі, Айбат Сейтен (түйе балуан).

Соңғы жаңалықтар