Қазақ күресінен әлем чемпионатына 40-тан аса елдің палуандары қатысады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабаралйды ҚазАқпарат Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар.

Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген - 8, елімізден 12 қазылық ететін төреші болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы Ербол Мырзабосынов тағайындалды.

Атап өтер жайт, чемпионатта спорт алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады. Сондай-ақ, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Әдеттегідей семинар барысында Qazaq Kuresi төрешілік тұрғысында талқыланады.

2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі - Олимпиада алауы. Ол Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының белгісі атанған – қызғалдақпен әрленді. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі - отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер күрес күресінен жарыстар өтетін татамиге түсіне сәйкестендірілді. Бұл түстер логотип кодының негізі.

Соңғы жаңалықтар