Қазақ күресінен әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 12-14 желтоқсан аралығында елордадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство дерегінше, чемпионатқа әлемнің 40 елінен 350 балуан қатысады.

«Ұлттық құраманың өкілдері, «Дала Қыраны» титулының иегерлері әлемдік додада ел намысын қорғайды. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Мұхит Тұрсынов (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг)», - деп мәлім етті комитеттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, биылғы сайыс – 3 жас ерекшелігін қамтитын алғашқы Әлем чемпионаты. Онда палуандар ересектер, жастар және жасөспірімдер санаты бойынша белдеседі.


Соңғы жаңалықтар