+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды

2020 жылғы 29 ақпан 12:30
Бөлісіңіз:
Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланды.

«Бүгін біз қазақ күресі тарихының жаңа парағын ашу үшін жиналып отырмыз. Осы кезге дейін Қазақстанда Қазақша күрес федерациясы құрылған болатын. Елімізде республикалық жарыстар, халықаралық кездесулер өткізілуде. Біз қазақ күресін Олимпиада қатарына кіргізуді мақсат етіп отырмыз, сол себепті Қазақстан барысы, Қазақша күрес ұйымдарын біріктіретін Qazaq kuresi ассоциация құрылды», - дейді Кәрім Мәсімов.

Ол бүгінгі таңда қазақ күресінің деңгейі өте жоғары деп бағалауға болатынын айтты.

«Елі ішіндегі чемпионаттар мен турнирлердің деңгейі жалпы халықтың қызығушылығын арттырып келеді. Сондай-ақ, ұлттық күрестің бейнесі әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Азия, Еуропа, әлем чемпионаттары тұрақты түрде өткізілуде. Осы ретте республикалық федерация тарапынан қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды. Алдағы оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 мектепте вариативті негізде енгізіледі. Қазақ күресінің еліміздегі білім саласына енуін Қазақ күресі академиясы жүзеге асыратын болатын. Бұл ұлттық күрестің бағындырған бір белесі», - деді Кәрім Мәсімов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT