Қазақ күресі: Тағы бір қазақстандық келесі айналымға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 90 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Әділжан Ыстыбаев алғашқы белдесуінде жеңіске қол жеткізіп, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ыстыбаев алғашқы белдесуінде латвиялық  Микцик Суцты  жарыс жолынан тайдырды.
null 

Еске салсақ, осыған дейін Ерсұлтан Мұзафаров екі белдесуінде де жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, әлем біріншілігіне 40 мемлекеттен келген 166 спортшы  бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары 2000 АҚШ долларына ие болса, екінші орынға - 1000 АҚШ доллары, үшінші орынға - 500 АҚШ доллары беріледі. Ал абсолютті салмақ жеңімпазы - 5000, екінші орын - 2000, үшінші орын - 1000 АҚШ долларына ие болады.

Соңғы жаңалықтар