Қазақ күресі: Моңғолия балуандары Азия чемпионатының үшінші алтынын еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Азия чемпионатының 66 келіге дейінгі бәсекесі соңына жетті. Өкінішке қарай, аталған салмақта қазақ балуаны боз кілемге шыққанымен, моңғолиялық Басхуу Иондонперенлейге есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Моңғолия спортшысы Басхуу Иондонперенлейге қарсы Қазақстаннан Нұрболат Ізімғалиев шыққан болатын. Бәсеке тартысты өтіп, ақылы мен күші тоғыстыра білген моңғол балуаны жеңісті жұлып әкетті.

66 келі салмақта үшінші орынды тәжікстандық Разиовлок Лойков пен өзбекстандық Донияр Сұлтанбаев бөлісті.

Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 5 салмақ бойынша бірінші орын 2 қазақ және 2 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті.

Еске сала кетсек, елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Жалпы чемпионаттың жүлде қоры - 20 мың АҚШ доллары.

 

Соңғы жаңалықтар