Қазақ күресі: Марат Нығматуллаев финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 55 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Марат Нығматуллаев жартылай финалда бразилиялық балуанды ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, әлем біріншілігіне 40 мемлекеттен келген 166 спортшы бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары 2000 АҚШ долларына ие болса, екінші орынға - 1000 АҚШ доллары, үшінші орынға - 500 АҚШ доллары беріледі. Ал абсолютті салмақ жеңімпазы - 5000, екінші орын - 2000, үшінші орын - 1000 АҚШ долларына ие болады. Қазақстан құрамасынан тоғыз спортшы қатысады.

 Олар: Марат Нығматуллаев 55 келі, Қуаныш Ысқақов 60 келі, Қасымхан Төленбай 66 келі, Ғалымжан Әбдірахманов 74 келі, Ерсұлтан Мұзафаров 82 келі, Әділжан Ыстыбаев 90 келі, Александр Касачев 100 келі, Руслан Әбдыразақов 100+ келі, Айбат Сейтен (түйе балуан).

Соңғы жаңалықтар