Қазақ күресі: Бүгін ел намысын кімдер корғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше жалауы желбіреген доданың бүгін екінші күні. Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз үш алтын, бір қола медаль еншілеген болатын.

Үш алтынды 55 келіде өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев, 82 келі салмақта сынға түскен балуанымыз Ерсұлтан Мұзафаров және 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаев чемпион атанса, аса ауыр салмақта Русылан Әбдіразақов қола медаль жеңіп алған болатын.

Бүгін қазақ балуандары арасында ел намысын 60 келіде Қуаныш Ысқақов, 66 келіде Қасымхан Төленбай, 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов және абсалютты салмақта Айбат Сейтен (түйе балуан) қорғайды.

Соңғы жаңалықтар