«Қазақ ханымы» халықаралық байқауының финалы өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Қазақ ханымы» халықаралық байқауының финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ ханымы» халықаралық байқауының жартылай финалынан өткен ханымдар 3 қараша күні финалда бақ сынайды.

Шара барысында «Қазақ ханымы» жобасына қатысушылары, атап айтқанда, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 келіншек және Қытай, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен келген қатысушылар қазақтың салт-дәстүрі мен салт-санасы бойынша сайысқа қатысады.

Бұл сайыстың басты мақсаты – қазақтың ханымы атына лайық қазақ әйелін анықтау. Елінің де, ерінің де абыройы үшін барын салып жүрген қазақтың қарапайым, көп балалы әйелдерін насихаттау біздің басты міндетіміз.

Қазылар алқасының құрамына Зейнеп Ахметова, Ырза Тұрсынзада, Толқын Забирова, Бақытбек Смағұлов сынды танымал тұлғалар кірген.

Жарыстың бас жүлдесі 10 000 000 теңге

Соңғы жаңалықтар