Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Таразда ашық аспан астында үлкен қойылым сахналанады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 9 қазан күні Тараз қаласында спектакль қоймақшы.

Орта ғасырларда қазақ хандығының негізі Тараз аймағында қаланған.

Сенатор Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» атты тарихи драмасы бойынша қызу дайындалып жатқан қойылымның жоба жетекшісі КСРО халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанəлі Әшімов болса, кеңесшісі - ҚР халық əртісі Есмұхан Обаев. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов бастаған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева, Елік Нұрсұлтан, Мұхтар Қапалбаев сынды режиссерлер тобы басшылық етеді. Жобаға М.Әуезов театрының шығармашылық тобынан өзге Жамбыл облыстық драма театрының əртістері, Жуалы ауданындағы атты әскерлерден және солдаттардан 500-ден аса адам қатысады деп көзделіп отыр.

Екі айдан бері дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Костюмдер мен декорация толығымен дайын. Барлығы 200 əскери мен 150 бишіге киім тігілді.

Қойылымның күрделілігін қатысатын адам санынан байқауға болады. Сахнаға бір мезетте 500-дей əртіс шығады. Спектакль Тараз қаласының орталық стадионында сахналанады.

"Театрландырылған қойылым болған соң көрініс барлық алаңға жайылуы керек. Əрекет 100 метр радиуста өрбиді. Стадион алаңының ерекшелігі сол", - деді М.Әуезов театрының бас суретшісі Есенгелді Тұяқов.

Соңғы жаңалықтар