Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған телехикая күзде шығады - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған телехикая биыл күзде шығады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Биыл біз Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған өзіміздің ұлттық телехикаямызды шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз аздап оның көлемін ұлғайттық. Туындыны өте үлкен етіп түсірдік. Енді оны үлкен экрандарда көрсету үшін үлкен техникалық жұмыс атқарылуы тиіс. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Менің ойымша, күзде бұл туынды прокатқа шығып қалуы керек», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ресейлік режиссердің түсіруімен «28 панфиловшы» атты фильмнің түсірілімі жүргізілуде. Сондай-ақ қазақстандық және қытайлық киногерлердің әріптестік орнатуымен бірлескен жобалар қолға алынбақ.

«Қазіргі уақытта министрлік үкіметтің тапсырмасымен Қазақстанның киноиндустриясын дамыту тұжырымдамасын дайындауда. Бұл саланы жаңа деңгейге шығаратын кез келді», - деді А.Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар