Қазақ хандығының 550 жылдығы бағытында 103 шараны өткізу жоспарланып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығы бойынша 103 шараны өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.

«ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен мерейтойды атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Мерейтой жоспарына сәйкес 103 шараны қамтып отырмыз», - деді министрдің орынбасары «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда онда ұйымдастыру-дайындық шаралары төртеу, ғылыми-талдамалық қолдау - 13, мәдени-көпшілік және қоғамдық-саясат - 38, ақпараттық қолдау - 17 шара, имидждік және кино өнімдерін шығару бөлімі бойынша 14, сондай-ақ басқа да шаралар қамтылғандығын жеткізді.

Елбасы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жөніндегі тапсырмасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірқатар шараларды атқарып жатқандығына тоқталған вице-министр, «Қазақстан ғалымдарының тұжырымдары негізінде 1465 жылды Қазақ хандығының ресми құрылған жылы деуге болады. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тұжырымдамасы дайындалды. Аталған тұжырымдамада Қазақ хандығының құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, мақсаттар мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген», - деп атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады. Осы орайда біріншіден - патриоттық негіз, яғни қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі, екіншісі - ақпараттық негіз, үшіншісі - ғылыми негізге арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар