Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Астана мен Таразда өтетін шаралардың тұжырымдамасы келісілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша Астана және Тараз қалаларында өткізілетін мерекелік шаралардың тұжырымдамасы келісілді. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.

«Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігі Астана және Тараз қалаларында өткізілетін мерекелік шаралардың тұжырымдасы мен жоспарын әкімдіктермен бірлесіп әзірледі. Бұл құжаттар жобасы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімінен өтті. Тараз қаласында бірқатар шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда ол қазақ күресінен «Еуразия барысы», көне Тараз археологиялық саябағы мен ежелгі Тараз музейінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ этноқалашық құру қарастырылған.

Министрдің орынбасарының сөзіне қарағанда, ол қалада театрландырылған қойылымдар, ұлттық ат спорты ойындары, мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.

Вице-министр мерейтойлық шаралардың шарықтау шегі аясында Астана қаласында Елбасының қатысуымен салтанатты жиынды, мерекелік концертті ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлері бойынша аймақтық жоспар жасалды. Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтойлық шаралар жалғасатын болады.

Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәдени, спорттық шараларды өткізу үшін жалпы облыстық деңгейде өтетін іс-шараларға облыстық бюджеттен 110 млн. теңге қаржы бөлінгендігін айтты. Қазіргі кезде бюджеттен тыс қаражат көлемі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар