Қазақ хандығының 550 жылдығы әлемдегі бар қазақты біріктіретін ұлы мереке - Эркин Бөлекбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығы әлемдегі бар қазақты біріктіретін ұлы мереке. Осындай ойын Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы, ҚР қоғам қайраткері Эркин Бөлекбаев бөлісті.

Оның айтуынша, мұндай ұлы той қиырда жүрген қазақтардың отаны жайлы бір еске түсіріп қоюға мүмкіндік беретін уақиға. Алыс-жақын шетелдерден 2 мыңнан аса адам қатысатын дүбірлі той жүрегі «қазақ» деп соғатын кез-келген азаматтың патриоттық сезімін оятары хақ. «Біз, жырақта тұратын қазақтар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясатын қолдаймыз. Ол барлық халықтарды, мәдениеттер мен дәстүрлерді бір жерге ұйыстырып отыр. Мұндай үлкен мереке Қазақстанды айдай әлемге танытаныны аян», - деді ол. Қазақтар қауымдастығының төрағасы Таразда өтіп жатқан мерекеге көңілі толатындығын жеткізді. Кеше облыстық театрда қазақтар туралы пьеса сахналанған. «Қазақ хандығының 550 жылдығы шын мәнінде ауқымды аталып өтіп жатыр. Күн сайын түрлі саладағы азаматтармен пікірлесіп жатырмыз. Тарихқа енетін маңызды оқиғаның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мәселен, бүгін Жәнібек пен Керей ханның ескерткішін салтанатты түрде ашады. Қазақ хандығының кіндігі болған қасиетті мекенде өткен мен бүгіннің арасында дәнекер болып жүргенімізге бақыттымыз», - деді Э.Бөлекбаев.

Соңғы жаңалықтар