+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасы прокатқа шығады

2019 жылғы 11 наурыз 11:13
Бөлісіңіз:
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасы прокатқа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 наурыз күні «Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы - «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі жалпыұлттық прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

«Аталған ауқымды жобаның екінші маусымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген», - делінген хабарламада.

Тарихқа көз жүгіртсек, XV ғасырдың орта шенінде Шыңғыс хан мен Әмір Темір империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының жаппай наразылығын тудырады. 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Жетісу өлкесінде - «Қазақ Хандығын» құрды. Алайда Жас ұлысты жөргегінде тұншықтырғысы келген Әбілқайыр хан, ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанды. Алда ұлы майдан күтіп тұрған еді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты -Сығанақтағы алтын тақты қайтарып алу болатын.... Осы тарихи оқиғаларды «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасынан көре аласыз.

Тарихи кинодилогия Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген.

Фильмнің режиссері -Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты кинотуындыларының авторы.

Еске сала кетсек, Астанада жақында «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT