Қазақ халқына алғысым шексіз - Асылы Осман

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сол бір нәубет жылдары қаншама ұлтты жылы қабылдап, өсіп өркендеуіне мүмкіндік жасаған қазақ еліне алғысым шексіз. Бүгін Алматы облысындағы Бастөбе ауылында «Алғыс айту» күніне орай өткен шараға арнайы келген Асылы Осман жиналған жұртшылыққа осындай жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғыс айту күні Алматы облысы, Қаратал ауданының Бастөбе ауылындағы «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш маңында өтті. Игі шараға жиналғандар монумент басына гүл шоқтарын қойып, естеліктерімен бөлісті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы Асылы Осман Алғыс айту күнінің мән-мағынасын терең ұғынып, жүрекпен сезіну керектігін айтады. Қазақ тілінің жанашыры бұл мереке ұлт пен ұлысты, адам мен адамды жақындатып, бір-біріне деген мейірімін еселейді. Сол бір нәубет жылдары қаншама ұлтты жылы қабылдап, өсіп өркендеуіне мүмкіндік жасаған қазақ еліне алғысым шексіз деп атап өтті.
null 

«Алғыс сөзінің өзі ыстық ықылас, жылы жүрекпен айтылған ізгі ниеттегі сөз. Сондықтан да мен Отаны бір азаматтарымыздың барлығын Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Осы дәрежеге жеткізген қазақ халқына алғысым шексіз!», - деді Асылы Осман.

«Қазақ халқына мың алғыс» мемориалды кешенін 2012 жылы корей ұлтының өкілдері орнатқан. Себебі 1937 жылы тоталитарлық жүйеден жапа шеккен мыңдаған корейлер дәл осы жерге көшірілген болатын. Аш-жалаңаш, барар жер, басар тауы жоқ жұртты қазақ халқы бауырына басты. Үйіне кіргізіп, бір жапырақ нанымен бөлісті. Аман қалып, ұрпақ өрбітуіне себепші болды. Осы жақсылықты ұмытпаған кейінгі буын әлі күнге дейін қазақ еліне ризашылығын білдіріп келеді.

Соңғы жаңалықтар