Қазақ халқы айдалып келген жұртқа төрін берді - ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында «Этносаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы. Онсыз елдің орнықты дамуы мүмкін емес», - деп ерекше атап өтті.Анығын айтқанда, Қазақстан – көп ұлтты көкірегінде ойнатқан байтақ жер. Ал қазақ халқы – қиын заманда этностарға бір нанын бөліп берген қонақжай халық. Қилы кезеңдерді бірге көріп, табан тіресе төтеп берген қазақстандықтар қазіргі таңда бейбіт күн кешіп келеді», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы Мухабат Турдыева.

Шынын айту керек, дәстүр мен ғұрыпты қатар алған қазақ халқы айдаудан келген жұртты теппеді, төрін берді, нанын берді. Жақсылыққа жақсылықпен жауап берген ұлт өкілдері дархан даланың төсіндей жүрегі кең елді ағасындай көрді, жатырқамады.

Міне, бейбіт заманда – 130 дан астам ұлт бір шаңырақ астында татулықта күн кешуде. Бұл «болашақ ағашының» жемісі, келер ұрпаққа аманат болып қала бермек. Бірлігіміз жасасын! Қазақстанның қыраны биікте самғасын!», -дейді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы ақ жүрегінен ақтарыла.

фото: assembly.kz
Соңғы жаңалықтар