Қазақ ғалымдары Италияда Сарай-Бату қаласы бейнеленген картаны тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада түркітанушы ғалымдар ынтымақтастық орнатты. Бұл туралы танымал қазақстандық саяхатшы Сапар Ысқақов Фейсбуктегі парақшасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Италияда түркітанушылар ынтымақтастық орнатты. Қазақстандық ғалымдар әлемдегі ең көне оқу ордасы саналатын Римдегі Sapienza университетіне барды. Ондағы мақсат - түркітанушылар және ғалымдармен ынтымақтастық орнату. Экспедиция мүшелері Венеция мұрағатынан Фра Мауро монахына тиесілі орта ғасырдағы алғашқы заманауи картаны тапқан. Онда Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату қаласы бейнеленген. Тарихшыларды әсіресе Алтын Ордамен сауда-саттық жасасқан Венеция мен Генуя көпестерінің есеп кітапшалары қызықтырады», - деп жазады саяхатшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2017 жылдың 4 мамырында Сапар Ысқақов жетекшілік ететін «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция жолға шыққан болатын. Олар ежелгі ғұндар, түріктер, қыпшақтардың ізі қалған әлемнің 15 еліне бармақ ниетте. 65 күнге созылатын бұл сапарда экспедиция тобы Қазақстан, Ресей Федерациясы (Кабардино-Балқар Республикасы, Қарашай-Шеркеш Республикасы, Дағыстан Республикасы), Әзербайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдова, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Ватикан жерлерін аралайды және арғы ата-бабаларымыздың ежелден қазіргі заманға дейінгі көші-қон жағдайымен танысып, ДНҚ зерттеулер жүргізеді. 

Соңғы жаңалықтар