Қазақ эстрадасының жұлдыздары салауатты өмір салтын ұстануға шақырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең қазақ эстрадасының жұлдыздары Мейрамбек Бесбаев, Толқын Забирова, Бақтияр Тайлақбаев, Әлішер Кәрімовтің қатысуымен «Өз өміріңнің ұзақтығы - өз қолыңда» атты акция өтеді.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш шараны қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ҚР ДСМ «Денсаулыққа қарай 7 қадам» марафоны аясында ұйымдастырмақ.

Концерттік бағдарламадан кейін әртістер мен келушілер №5 қалалық емханада профилактикалық тексеруден өтеді.

«Сонымен қатар, 4 сәуірде қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерінің атсалысуымен таулы аймақтарда жаяу жүру акциясы ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар