Қазақ эстрадасының жұлдыздары Есіл үстіндегі пароходта өнер көрсетуде

Автор:  
Мира Төлендіқызы

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Есіл үстіндегі пароходта өнер көрсетуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 5-7 шілдеде Елорда күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Есіл толқыны» атты мерекелік жылжымалы концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын Елорда күнімен құттықтау, мерекелік көңіл-күй сыйлау. «Есіл толқыны» концертіне қатысушылар Есіл бойымен серуен құратын пароходта өнер көрсетуде.

photo

«Карантиндік шектеулерге байланысты және азаматтар пандемия жағдайында бір жерде жиналмас үшін іс-шара Есіл өзені бойымен пароходта өтуде. Әртістер, шығармашылық ұжымдар «Астана» аталатын пароходта өнер көрсетуде. Концерт бағдарламасы 3 сағатқа есептелген. Іс-шараның барлық қатысушысы коронавирусқа қарсы вакцина алған. Денсаулық жағдайына байланысты егілмегендер ПТР-тестіден өтті», - деді концерт ұйымдастырушылары.

photo

photo


Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерт бағдарламасына эстрадалық және қазақ халқының әндері енген. Шараға Қанат және Света Айтбаевтар, Майра Ильясова, Арайлым Рахим, Парасат Отан, Алтынай Жорабаева, Әсем Омарова, Дос, Диана Маева, Маржан Арапбаева және басқа да орындаушылар қатысты.

Айта кетейік, 7 шілдеде қорытынды гала-концерт өтеді.

photo

photo

photo

photo


photo

photo



Серіктестер жаңалықтары