«Қазақ елі» монументі біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың көрінісі - И. Тасмағамбетов

None
None
анның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -«Қазақ елі» монументі біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың көрінісі.

 Бүгін елордада «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты жасайтын тарих, тарихты жасайтын жеке тұлғалар. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сондай тұлғалардың бірі де, бірегейі. Соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде елдің ел болғаны, ес жиып етек жауып, еңселі мемлекеттер қатарына қосылғаны шежіре үшін көзды ашып-жұмғанша қысқа мерзімде Қазақстанның бұрын-соңды болмаған экономикалық және рухани биікке көтерілгені сол кісінің саяси жетістігі деп білемін», деді И. Тасмағамбетов өз сөзінде.

 Сонымен бірге, елорда әкімі бүгінгі егеменділіктің баянды кезеңі ұлтымыздың  рухани шыңдалып жатқан уақыты - Елбасының ұзақ жылғы жемісі әрі тарих алдындағы жеңісі екендігін атап өтті. Оның айтуынша, ұлтқа ұстаз болып отырған Елбасының асқақ рухы мен еркі, қайраты мен ақылы, парасаты мен пайымы, көрегендік пен көсемшілдігі, мемлекетшіл қайраткерлігі қашанда өрелі өнеге, үлкен үлгі болып табылады.

 «Сондықтан Астана қаласының мәслихаты бастамашылығымен ашылған осынау райы ерекше рәміз біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың, ұлттық сана-сезіміміз бен тарихи таңдауымыздың,  ел мен оны жетектеген Елбасымызға деген қадірлі құрметіміздің, халық үшін керекті, тарих үшін деректі айғағымыздың дәл көрінісі деп қабыл алайық», деді И. Тасмағамбетов.  

Соңғы жаңалықтар