Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» ашылады
2019 жылғы 28 қараша 11:25

Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйлері» ашылады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелдегі қандастардың тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық байланысты дамытқысы келетінін білеміз. Сондықтан біз «Отандастар» қорымен бірлесіп, қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» қазақ мәдени іскерлік үйін ашу жөнінде ұсыныс бердік. Қазақ үйі осы елдердегі белсенді қазақ мәдени бірлестіктерінің басын қосып, біріктірсе дейміз», - деді ол.

Айта кетсек, Дәурен Абаев бұған дейін Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқаратынын мәлім еткен болатын.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT