Қазақ даласындағы ашаршылық: 100 отбасының тарихы енген кітап таныстырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары «Орталық Қазақстандағы ашаршылық 1931–1933: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» атты кітабын таныстырды. Басылымда бұрын жарияланбаған мұрағат материалдары мен ашаршылық куәгерлерінің естеліктері жинақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихшылар мен филологтар бір жылдан астам уақыт еңбек еткен.

«Жобаның мақсаты мұрағаттық құжаттарды, сондай-ақ сол қайғылы кезеңдер туралы әңгімелер сақталған отбасылардың естеліктері мен сұхбаттарын жинау болды. Жиналған материалдар Қарағанды облысындағы сталиндік ұжымдастыру салдарының толық көрінісін қалыптастырды», – дейді басылымды құрастырушылардың бірі, филология ғылымдарының кандидаты Лариса Харитонова.

Мұндай үлкен зерттеу алғаш рет аймақтық бөлімде жүргізілді. Тарихшылардың қажырлы еңбегінің арқасында 90-нан астам мұрағаттық құжаттар табылды. Олардың 80% астамы бұрын жарияланбаған.

Өз кезегінде филологтар далалық іздеумен айналысты. Бұл міндет оңай болған жоқ. Оқиғалардың тікелей куәгерлері дүниеден озған. Бірақ ғалымдар олардың балаларымен және немерелерімен сөйлесе алды. Жинаққа ашаршылықты бастан кешкен 100 отбасының тарихы кірді.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде 100 дана таралыммен шықты. Басылым ғалымдарға және Қазақстан тарихына қызығушылық танытқандарға арналған. Республика кітапханаларына тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ жинақты ҚарУ баспасынан сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар