Қазақ даласында киіктер төлдеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда киіктер төлдеп жатыр. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда киіктердің төлдеуі басталды. Алғашқы құралайлар туды. Киіктерде «бэби-бум» мамырдың соңына дейін жалғасады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумағының қызметкері Арман Ізімғалиев далада киіктердің фельдшері секілді жұмыс жүргізеді», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, өткенде ғана Қостанай облысында киік санағы жүргізілген болатын. Биыл ақбөкендер аман-есен төл өрбітсе, олардың саны артатынын айтады мамандар. Негізі, биыл орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы мен полицейлер жүргізген тексерістің нәтижесінде заңсыз аң аулаған 87 адам әкімшілік жазаға тартылған.

Соңғы жаңалықтар