Қазақ даласын Еуропаға танытқан мажар ғалымының көрмесі ашылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір ғасыр бұрын қазақ даласы туралы «Азия жүрегіне саяхат» атты кітап қалдырған әйгілі мажар шығыстанушысы Дьёрд Алмашидің көрмесі ашылды. Шығыстанушының 150 жылдығы құрметіне орай көрме мен семинарды Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрменің ашылу салтанатында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі мен Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Андраш Барани ғалымның өмірбаяны мен ғылыми мұрасы туралы әңгімеледі. Шығыстанушы 700 беттік кітабына қазақ даласында түсірілген 200-ден астам фотосуретті енгізген екен. Ең қызығы, ХХ ғасырдың басында қазақ даласын мекен еткен соңғы жолбарыстардың бірін дәл осы Алмаши түсіріп алған.
null null null 
null

null 

«Бүгін біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы бір шараны ұйымдастырғалы отырмыз. Мажарстанның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Мажарстан арасында дәнекер болған Дьёрд Алмаши сынды тұлғаға арналған семинар өтеді. Шараның ерекшелігі - Дьёрд Алмаши осыдан 100 жыл бұрын қазақ даласын іздеп келіп, Жетісу жерінде көптеген зерттеулер, мәліметтер жинап, фотосуреттер түсірген. Бүгін сол мұра Қазақстанға жеткізіліп отыр. Жұртшылыққа Дьёрд Алмашидің фотосуреттері алғаш рет ұсынылды. Сол мұраны алып келген Мажарстан тарапына көп рахмет айтамыз. Екі ел арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанына қуаныштымыз», - деді Дархан Қыдырәлі.
null 

Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлі Дьёрд Алмашидің кітабын қазақ тіліне аудару, есімін ел жадында қалдыру үшін оған Алматыда ескерткіш тақта орнату мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Андраш Барани Қазақстан тарапының құрметіне алғыс білдірді.

«Бүгін екі елдің байланысын нығайта түсуде жақсы мүмкіндік туып отыр деген сенімдемін. Халықаралық Түркі академиясы мен Мажарстан ғылым академиясының байланысы күшейе түсер деген сенімдеміз. Бұл фотосуреттер 20 жыл бойы ешқайда қойылмай, мінекей Астанада үлкен көрме ашылып отыр. Бұл Дьёрд Алмашидің Орталық Азияға нақтырақ айтқанда, Жетісу өңіріне жасаған сапары барысында өмірге әкелген бірегей еңбегі. Алмашидің еңбегі ағылшын және орыс тілінде шыққан. Біз әрқашан туысымызды, тамырымызды іздеген халықпыз. Тамырды танып-білу жолында мажар ғалымдары көп еңбек еткен. Сондықтан, екі елдің арасындағы мәдени байланыстың нығая түсеріне сенім білдіргім келеді», - дейді Андраш Барани.
null 

Айта кетсек, Дьёрд Алмаши 1867-1933 жылдары өмір сүрген шығыстанушы. Қазақ даласын зерттеу үшін ол Қазақстанның оңтүстігі мен Балқаш өңірін аралап, 200-ге жуық фотосурет түсірген. Этнограф сонымен бірге, зоология, орнитология ғылымымен айналысып, Еуропаға Қазақстанды танытқан ғалымдардың бірі болып табылады.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар