Қазақ боксының жұлдыздары Азия чемпионатына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазанда Иордания астанасы Амманда бокстан кезекті Азия чемпионаты басталады, оған Қазақстанның ерлер құрамасы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің құрама көшбасшылары: әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, әлем чемпионатының финалисі Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұт, команда капитаны Асланбек Шымбергенов, Оралбай — Нұрбек пен Айбек, Сағындық Тоғамбай және т.б. қатысады. +91 келіде біз Қамшыбек Құңқабаевты қарастырамыз, ол жерде Нұрлан Сапарбай да бар, әзірге ол екінші нөмірде», - деді Қазақстан құрамасының бапкері Қайрат Сәтжанов.


Соңғы жаңалықтар