Қазақ боксшысы Токиода әлем чемпионы титулына таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Жеңіл салмақта (50.8 кг) жұдырықтасатын ұлты қазақ қытайлық кәсіпқой боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (13-3-1,6 КО) жыл соңында Жапония астанасы Токио қаласында әлем чемпионы титулы үшін айқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазақ боксшысы 31 желтоқсан күні WBO тұжырымының үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемионы Косей Танакамен (14-0,8КО) жұдырықтасады. Токио қаласында өтетін жекпе-жекте жапондық боксшы жеңіл салмақта WBO тұжырымының әлем чемпионы титулын үшінші рет қорғамақ.

Айта кетейік, Ұлан Төлеғазыұлы жеңіл салмақта үш бірдей бокс ұйымының чемпиондық титулдарын иеленді. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде ол WBC тұжырымының күміс белбеуін (WBC Silver Flyweight Title), WBO тұжырымы бойынша Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) және WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион (WBA International Flyweight Title) белбеулерін жеңіп алған болатын. Ол осы салмақтағы BoxRec әлемдік рейтингінде 9-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар