Қазақ боксшысы Қытай ұлттық құрамасына қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатханұлы бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қытайдағы kazakh.people.com порталы мәлім етті.

Аталған басылымның дерегіне сүйенсек, бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына Шыңжаң автономиялық өлкесінен екі боксшыға шақырту келіп түскен. Соның бірі біздің қандасымыз - Тоқтарбек Таңатханұлы.

Таңатханұлы қазір Қытайдың ішкі біріншіліктерінде 75 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол осы жылы өз салмағында Қытай біріншілігінде топ жарып, чемпион атанған болатын. Қазақ боксшысының болашағынан зор үміт күткен бапкерлер қандасымызды осы жылы Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына апарып, бағын сынамақ ниетте.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы 2018 жылы қаңтар айында 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін иемденген болатын.

Соңғы жаңалықтар