Қазақ боксшысы Африка чемпионын нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абай Төлеш (3-0, 2КО) төртінші кездесуін өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан хабарланғандай, қазақ боксшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы бокс кешінде өнер көрсеткен. 24 жастағы қазақстандыққа бұл жолы Танзаниядан келген Мфауме Ахмед Саид (14-6-2, 6КО) қарсы тұрды. Ол - өз дивизионында Шығыс және Орталық Африканың чемпионы. Абай Төлеш аталмыш кездесудің төртінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Абай Төлеш кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуін жеңіспен аяқтап отыр.
Айта кетерлігі, африкалық бұдан бұрын танымал боксшы – IBF нұсқасы бойынша орта салмақтың экс-чемпионы Джошуа Клоттимен (40-5, 23КО) кездесіп, алтыншы раундта жеңілген болатын.



Соңғы жаңалықтар