Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қазақ боксшылары Еуропа турнирінде бірінші орын алды

2018 жылғы 11 ақпан 13:53 194
Бөлісіңіз:
Қазақ боксшылары Еуропа турнирінде бірінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасы Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Боскай атындағы 62-ші халықарлық турнирде 3 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық боксшылар Софияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде үш алтын алды

Қазақстан Бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне өткен Ілияс Сүлейменов (56 келі) чехиялық Мирослав Горолдан басым түсті. Ал жасөсіпірімдер арасында әлем чемпионы атағы бар Саматәлі Толтаев (64 келі) ересектер арасындағы алғашқы жарысында Моңғолияның ең тәжірибелі боксшыларының бірі Чинзоринг Баатарсукті жеңді. Мұнан бөлек, Қазақстан боксшыларының ішінен Айболды Дәуренұлы (+91 келі) күміс, ал Абай Төлеш (75 келі) қола медаль иеленді.

Айта кетерлігі, Иштван Боскай турнирі Еуропадаға тарихи терең халықаралық жарыс саналады. Ағымдағы жылы бұл байрақты бәсекеге әлемнің 23 елінен 158 спортшы қатысқан болатын.


Қазақ боксшылары Еуропа турнирінде бірінші орын алды 
Қазақ боксшылары Еуропа турнирінде бірінші орын алды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: «КАЗМЕДИА», Бокс, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT