Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан қанша табыс тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте өткен әлем чемпионатында жүлдегер болған қазақ боксшыларының қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Бұл - соңғы он жылдағы үздік нәтиже.

Осылайша қазақ боксшылары барлығы 900 мың доллар табыс тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Махмұд Сабырханның өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды.

Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Нұрбек Оралбай Қазақстаннан төртінші болып әлем чемпионы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.


Соңғы жаңалықтар