Қазақ боксшылары әлем чемпионаты финалында кімдермен жұдырықтасады

None
Фото: sports.kz
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы бәсекеге қатысатын боксшылар жөнінде шаршы алаң иелері - Өзбекстан құрамасы (7 финалист) көш бастап тұр.

Қазақстан екінші орында, елімізден бес боксшымыз алтын үшін таласады.

Кубадан - 4, Франция мен Ресейден екі-екіден, Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италиядан бір-бірден спортшы финалға шықты.

Қазақстандықтардан Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда грузиялық Сахил Алахвердобимен, Махмұд Сабырхан (54 кг) өзбекстандық Ойбек Джураевпен, Дулат Бекбауов (67 кг) Асадхуджа Муйдинхуджаевпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен (екеуі де - Өзбекстан), Нұрбек Оралбай (80 кг) Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін сынға түсетінін жазған болатынбыз.

Қазақстан құрамасынан бірінші болып Санжар Тәшкенбай финалға өтті.

Сонымен бірге Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Нұрбек Оралбай және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те - финалда.

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан мен қазақстандық Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалында алтынға таласады.

Одан бөлек, Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті финалда өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар