Қазақ баласына Грэмми бұйырған жыл

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жыл мәдени орта үшін несімен есте қалды деген сұрақ туындаса, ойға бірден Иманбек Зейкенов (Imanbek) келеді. ҚазАқпарат өнер өкілдерінің жыл бойы қол жеткізген басты жеңістеріне шолу ұсынады.

Айсұлтан Сейітов – Канаданың BooooooomTV Awards 2020 тұғырнамасында «Жылдың үздік музыкалық видеосы атанды («Тылсым әлем» атты композицияға түсірген видеоролигі үшін).

Айсұлтан Сейітовтің аты-жөні – Айдын Нұралин.

Imanbek - Grammy иегері. (Әлем музыкасының жұлдызы SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі үшін).

Американың The New York Times газетінде Иманбек жайлы мақала да жарияланды.

Айтулы марапат музыкантытң қолына 7 айдан соң тиді.

Майра Мұхамедқызы –«BraVo» халықаралық музыка сыйлығының лауреаты.

«BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығы 2017 жылы Monte Carlo радиосы мен «Русская Медиагруппаның» қолдауымен құрылды. Жеңімпаздарды анықтаудың негізгі критерийі – классикалық музыка саласындағы номинанттардың орындаушылық шеберлігін көрермендердің бағалауы.

Рухия Байдүкенова – Беларусь елінің Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауының жеңімпазы.

14 мемлекеттің өкілі қатысқан байқауда Рухия Байдүкенова гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың доллар алды.

«Ұлытау» этно-рок тобы - DJOOKY Music Awards атты халықаралық байқаудың жеңімпазы.

«Ұлытау» этно-рок тобы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен DJOOKY Music Awards халықаралық музыкалық байқауында рок/металл санаты бойынша жеңіске жетті. Байқауда ұжым Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр Қылыш» күйін орындады. Музыка бәсекесіне 83 елден 13 музыкалық бағыт бойынша мыңдаған музыкант қатысқан болатын.

Димаш Құдайберген де жыл бойы отандастарын жағымды жаңалықтарымен қуантып отырды. Жыл басында ол АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады.

Әнші шарада қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады.

Ал қараша айында Димаш әлем бойынша әлеуметтік желіде ең танымал 10 әншінің қатарына кірді.

Американың NetBase Quid атты тәуелсіз зерттеу компаниясы әлеуметтік желіде аттары жиі аталған әлемге танымал әншілердің тізімін жасаған болатын. Димаш Құдайберген сол тізімде 9 орынға шықты. Бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында кореялық BTS тобының мүшесі JIN және үшінші орында оңтүстіккореялық әнші Lisa (Blackpink тобының экс-мүшесі). Сондай-ақ, әншілер рейтингіне көпке танымал Adele, Джастин Бибер және Ариана Гранде секілді өнер жұлдыздары бар.


Соңғы жаңалықтар