Қазақ баласы «Атамекен» әнін орындап, қытайлық көрерменді таңғалдырды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарт - Қытайдың Республикалық «балалар әуені» тележобасында 13 жастағы қандасымыз Данияр Толқынұлы "Атамекен" әнін орындап, қытайлық көрермендерді аузына қаратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Данияр жобаның екінші айналымына өзінің ұстазы, белгілі әнші Арай Айдарханның дайындауымен Жанбота Тұяқбаевтың  "Атамекен" әнін алып келген болатын. Әнді жоғары деңгейде орындаған бала көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
null  

Бүгінде байқаудың бейнежазбасы Қытайдың Тың Шүн (teng xun 腾讯 ) видеопорталына жүктеліп, жұрттың қызу талқысына түсуде. Көпсанды желі қолданушылары баланың өнеріне сүйсініп, алдағы жолына сәттілік тілеуде.  Ал, кейбірі Даниярды қытай бала деп шатастырып,  «Атамекен» әнін орындауға қызғаныш білдірген.
null  

«Балалар әуені» - бұл өнерлі балаларға арналған бүкілқытайлық тележоба. Онда арнайы іріктеуден өткен әнші балалар, кәсіби жұлдызды тәлімгерлермен бірге дайындалып,  командаға бөлініп бақтарын сынайды. Сол арқылы музыкалық білімін, тәжірибесін шыңдап, әрі қарайғы өнер жолына қанат қағады.

Айта кетейік, "Атамекен" әні ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауы арқылы кеңінен таралды. Әуенін Жанбота Тұяқбаев, сөзін Шөмішбай Сариев жазған.
null  

Соңғы жаңалықтар