Қазақ әжелердің өнері қытайлық көрермендерді тамсандырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңжаң өлкесіне қарасты Толы ауданында тұратын қазақ әжелерден құралған «Аққу» ансамблінің өнері қытайлық көрермендерді тамсандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

Жақында, Қытайдың CCTV орталық теларнасы ұйымдастырған Республикалық «Өнерлі қытайлықтар» байқауында, «Аққу» әжелер ансамблі ұлтымыздың  жүн сабау , сырмақ тігу, жіп иіру секілді көріністерін сахналап, көрермендерді тәнтті етті. Аталмыш телеарнаның сайтында жарияланған бейнежазбада, әжелердің жоба тәлімгерлерінң ыстық ықыласына бөленіп, оларды бірге билетіп жібергенін байқауға болады.

null 

 «Ерекше  жағымды әуен», «Әннің бояуы ерекше, әжелер емес жас балалардың хоры айтып тұрғандай сезілді», «Олардың әрекеті ерекше сүйкімді, әсіресе жіп иіргені керемет!», деп пікір білдірген әділқазылар бірауыздан  «нағыр өнерлілер» деп бағалады. Сонымен бірге әжелер сахнада көрсеткен әр қимылдарының мағынасын түсіндіріп те берді. Нәтижесінде «Аққу» әжелер ансамблі «Өнерлі қытайлықтар» аталымы бойынша марапатталды.

null 

Айта кетейік, әжелердің ең үлкені 75 жаста болса,  ең кішісі 65-те екен.

null  

Ансамбльдің жетекшісі Шыңжаңдағы белгілі би режиссері Ерсін Қизатұлы.

Соңғы жаңалықтар