+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақ әйелдерінің ішінде Маргарет Тэтчер, Индира Гандиден кем түспейтін тұлғалар бар – ҚКХП өкілі

2020 жылғы 18 қыркүйек 19:40
Бөлісіңіз:
Қазақ әйелдерінің ішінде Маргарет Тэтчер, Индира Гандиден кем түспейтін тұлғалар бар – ҚКХП өкілі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясының Маңғыстау облысындағы бөлімшесі гендерлік теңдік тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Ойжарысқа көшбасшы әйелдер мектебінің өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында құжаты жоқ 12 адам анықталды Қазақстанда «Жыл волонтері» байқауы жарияланды Қостанай облысында алимент төлемеген 13 әкенің көлігі тәркіленді

Пікірталасқа қатысушыларының айтуынша, Маңғыстауда мемлекеттік ұйымдардың 20 процентін әйелдер басқарады. Көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Алайда, тұрғындардың 52 пайызын нәзік жандылар құрайтын аймақ үшін бұл әлі де жеткіліксіз, дейді коммунистік партия өкілдері.

«Әйелдердің мемлекет ісіне араласуына қолдау көрсетілсе, қазақ әйелдерінің ішінен де Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін тұлғалар шығады», - деп атап өтті ҚКХП Маңғыстау облыстық филиалының бірінші хатшысы Роза Махамбетова.

Оның сөзіне қарағанда, «әйелдердің барлығына бірдей құқық беріп, бәрін билік ісіне араластырсақ, ол бізге қандай табыс әкеледі» деп ойлайтын ер азаматтар да кездеседі.

«Әрине, қоғамда әйелдердің гендерлік теңдік мәселесін әртүрлі түсінетін көзқарастар, тіпті қайшылықтар бар»,- деді Роза Махамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT