Қазақ анимациялық фильмі Ресейде таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- «balapan» телеарнасы телеөнімдерін Астрахан қаласында жергілікті қазақтарға таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«balapan» телеарнасы ұжымы Астрахан қаласындағы əйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлына арналған  жиынға қатысып,  күй құдіретін паш еткен «Қоңыр қаз» анимациялық фильмін көпшілік назарына ұсынды. Телеарна директоры Мақпал Жұмабай «balapan» телеарнасы туралы жан-жақты ақпарат беріп, балалар арнасын Qazaqstan TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн көру мүмкіндігін таныстырды. 

Кездесуге Астрахандағы ғылыми қауымдастық пен зиялы қауым өкілдері, өнер ұжымдары қатысты. Атап айтсақ, кеш барысында Құрманғазы Сағырбайұлы музейінің меңгерушісі Әния Мақабаева, Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталық директоры Амангелді Абылғазиев, «Жолдастық»  қазақ мәдени орталығының құрметті мүшесі Ермек Әлиев, Астрахан өнер және мәдениет колледжінің оқытушысы Қайрат  Қазанбаев сөз алып, «Самал» ансамблі мен «Шалқыма» халық аспаптары ансамблі өнер көрсетті.

Кездесу нәтижесінде, өзара рухани-мәдени байланысты дамыту бойынша ұсыныстар айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды. «balapan» ұжымы жиналғандарға анимациялық фильмдер топтамасын, естелік сыйлықтар тарту етті. 

«Құрманғазы - қазақ күйінің атасы. Ал күй - мәдениетті бала санасына сіңірудің  ең оңтайлы жолы. Сондықтан да қазақтың ұлы күйшілерінің мұрасын әкеліп көрсеттік. Одан бөлек, Астрахандағы бауырларымыз отандық телеарнадан ана тіліндегі бағдарламаларды мобильді қосымшалар арқылы көрсетілімі таныстырылды»,- деді телеарна директоры Мақпал Жұмабай.

null 

Соңғы жаңалықтар