ҚазАгроның еншілес компаниясы қыруар бюджет қаражатын «Forte bank-тің» депозитінде сақтаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына жүргізілген аудит кезінде "ҚазАгро" ұлттық xолдингінің еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ шаруалар мен фермерлерді қолдауға арналған қыруар мемлекет қаражатын "Forte bank"-тің есеп-шоттарында сақтап, пайда тапқаны анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің айтуынша, ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығын қолдау қорына 2,5 млрд. теңге бөлінген. Алайда қор ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған ақшаны жұмсамай, "Forte bank-тің" депозиттерінде сақтаған. Сөйтіп, алты айдың ішінде ол қаражатқа 46,8 млн. теңге көлемінде сыйақы түскен.

Қор басшысының орынбасары Бақыт Құдасбаеваның сөзіне қарағанда, бүгінде 2,5 млрд. теңгенің жартысы игерілді. "Иә, тексеріс кезінде ол ақша есеп-шотта жатқан. Себебі тиісті ережелерге өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, бюджеттен бөлінген ақша микронесиелер беру ұйымдары арқылы игерілуі тиіс. Ал қордың өзіне тікелей қаржыландыруға рұқсат берген жоқ. Сол себепті ақша банк есеп-шотында жатып қалды. Ережеге өзгеріс енгізген бойда, біз қаржыландыру шараларына кірістік", - дейді Б.Құдасбаева.

Соңғы жаңалықтар