«ҚазАгроның» басшысы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рүстем Құрмановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның міндеттерін уақытша атқару Елнар Жолдасовқа жүктелді. Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдасов Елнар Расылханұлы 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған, 2001-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар