+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

«ҚазАгро» жүйесінде қандай өзгерістер болады

2019 жылғы 23 қазан 14:31
Бөлісіңіз:
«ҚазАгро» жүйесінде қандай өзгерістер болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев компанияны трансформациялау жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің тапсырмасы бойынша біз трансформация бағдарламасын қабылдадық. «ҚазАгро» ықшамдалып, жұмысын жалғастырады, яғни шығындарды қысқартамыз. Алдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін жеті еншіліс компанияның үшеуін ғана қалдырамыз. Жалпы, бір мыңға жуық адам қысқартылады, бұл ретте әкімшілік шығындар оңтайландырылады. «ҚазАгроның» басқару органдарын толықтай өзгертеміз», - деді Ербол Қарашөкеев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, «ҚазАгро» директорлар кеңесіне жоғары білікті шетелдік сарапшылар тартылмақ.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша холдингті шығынсыз деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Е. Қарашөкеев.

Айта кетейік, «ҚазАгро» қызметіне ауқымды реформалар жүргізіледі.

«ҚазАгро» холдингі өз қызметін реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров

«ҚазАгро» холдингінде қызметкерлерді қысқарту жүретінін айтқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT