ҚазАгро қызметіне ауқымды реформалар жүргізіледі - ҚР АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» холдингі өз қызметін реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАгро» холдингі» ҰБХ» АҚ қызметін реформалау және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ оның басшылығына нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда болашақта холдингтің еншілес компанияларының санын қысқартып, бірін-бірі қайталайтын функциялардың ара-жігін ажырату арқылы ықшам ұжым қалыптастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшыларды тартып, штатты оңтайландыру және холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмыстар жалғаса бермек.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несие беру процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытын қысқарту міндеттері алдыға қойылып отыр.

ҚазАгро басшылығы Үкіметті еңбек өнімділігін және АӨК өнімін экспорттауды арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған 10 жылдық кезеңге арналған холдинг стратегиясының жобасын әзірлемек.

«Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды. Осы реформалардың нәтижесінде холдинг қысқа мерзімде ықшам және тиімді қаржы институтына айналады. ҚазАгро өз қызметінің нәтижелілігін арттырып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар