«ҚазАгро» холдингінің басқарма құрамында өзгерістер болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасында өзгерістер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, «ҚазАгро» холдингі Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 14 наурыздағы шешімімен: Елнар Жолдасов - ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директор - басқарма мүшесі;

Жұмағали Мұнжасаров - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор - басқарма мүшесі болып сайланды.

Жолдасов Елнар Расылханұлы 1979 жылдың 25 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

«Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек қызметін 2001 жылы бастады.

2001 жылдан 2018 жылға дейін әртүрлі екінші деңгейлі банктерде қызмет етті («Нұрбанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ).

2013-2018 жылдар аралығында - «Банк Астана» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

2018 жылдың ақпанынан осы жылдың наурызына дейін «ҚазАгро» Холдингі» АҚ тәуелсіз директоры, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің ішкі аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.

2018 жылдың 15 наурызынан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржы жөнінде Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

 

Жұмағали Мунжасаров Ахметғалиұлы 1977 жылдың 30 мамырында Қостанай облысында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, МВА дәрежесі.

Заң ғылымдарының магистрі.

Өзінің еңбек қызметін 1998 жылы Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде заң факультеті оқытушысы ретінде бастаған;

Әр жылдары мемлекеттік қызметтерде жетекші лауазымдарда жұмыс істеді;

2009-2011 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2012-2018 жылдар аралығында - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры;

2018 жылдың 15 наурызынан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  Құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі.

«Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Соңғы жаңалықтар